Табиғи газды пайдаланудақауіпсіздік шаралар сақталуы тиіс

316

Газ қондырғыларының жарылысы сала мамандарын алаңдатуда.

Жауаптылар Тараздағы оқыс жағдайдан кейін есін жиған. Енді қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында тұтынушыларының тізімін түгендемек ниетте.

Ақаш Миятбек, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ бас директорының бірінші орынбасары:  «Бізде 174 мың тұтынушы болса, солардың 90 мыңымен келісімшарт бар. Ал 80 мыңға жуығының «договоры» бар ма,  жоқ па,  білмейміз. Егерде техникалық қызмет көрсететін серіктестіктер өз абоненттері жөнінде мәліметті бізге берсе, біз оны базаға енгізетін едік».

Жауаптылар, тұтыну жүйесінің ішкі қызметі жекенінің қолына өткенін айтады. Осыдан бес жыл бұрын енгізілген өзгеріске селқос қарайтындар да көптеп кездеседі.

Асылбек Бабаш, «Омега 21 ВДГО» ЖШС өкілі: «Біз неге беруіміз керек? Біз қызмет көрсететін абоненттердің газ қондырғылары үшін жауап береміз. Есепте жоқ, алайда  газды тұтынып отырғандардың «ВДГО»- үйдегі ішкі  газ қондырғыларын кім тексеріпті? Жарылыстардың басым бөлігі сондай үйлерде анықталып жатқан жоқ па? Осыған мән беру қажет».

Сандарды сөйлетсек, былтыр 80 төтенше жағдай тіркелген. Тең жартысында газбаллон жарылған. Жеке үй болсын, көпқабатты пәтер болсын, көгілдір отынды пайдалану ережесі ортақ. Қауіпсіздікке салғырт қарағандар опат болып, шығын екі есе артқан.

Саян Сейдуалы, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің  бөлім басшысы: «Былтыр Астананың іргесіндегі  газ баллонының жарылысы салдарынан кішкентай балалары бар отбасы баспанасынан айрылды.  Алматыдағы жарылыста-4 адам зардап шекті,2019 жылдың басынан  бастап осындай оқыс жағдайлар қайта қайталануда. Жылдың басында Ақтөбеде жеке тұрғын үйде газ баллонының жарылысынан үй жарамсыз болып, тұрғындары түрлі деңгейде жарақат алған».

Табиғи отын төңірегіндегі дау мұнымен толастамайды. Айтылған ақауды дер кезінде жөндемегендіктен, жерге қарап отырмыз дегендер жанайқайын жеткізді. Яғни, қауіпсіздік шаралары сақтамаған абонент жүйеден ажыратылу керек,- дейді .

Сала мамандары: «ҚазТрансГазАймақ» газ қондырғысы талаптарға сай емес  абоненттерге ақауды түзегенше, газды беруді тоқтатсын. Күрделіктер техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт түзбеген абоненттерде орын алуда. Барлығын бірдей емес, ал кестеге сәйкес газ беруді тоқтатып, кейін барлық қауіпсіздік шаралары  орындалған бойда тексеріп, қосыңыздар жүйеге».

Жергілікті жерлерде газ-техникалық инспекция құрылмаса газ жабдығын есепке алу, оның сапасын бақылау мүмкін болмайтыны анық. Мамандар бақылауды күшейтудің бірнеше жолын қарастырды.

Шынар Оразова