«Халыққа көмек» жобасы жүзеге асырылуда

656
партияның "Халыққа кмек" жобасы аясында көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасыларына, қолдауға мұқтаж азаматарға көөмек көрсетіледі

Нұротандықтар  партияның съезінде қабылданған шешімдерді жергілікті жерлерде іске асыруға  кірісті.

Ұлбосын Мәдуәлиева, қала тұрғыны

Көшбасшы партияға үміт артқандардың бірі  — Ұлбосын Мәдуәлиева. Тағдырдың   тауқыметін көтерген ана қабылдау барысында көз жасына ерік берді. Жүйке ауруымен ауыратын баласын кісендеп бағып отырғанын айтқан ақ жаулықты ана  баспана кезегіне тұруға көмек сұрайды. Баласының жинаған жәрдемақысынан да жұрдай болыпты. Алаяқтар пәтер алып береміз деп алдап, ақшасын  сыпырып алған. Тұрақты мекен жайы болмағандықтан баспана кезегіне тұруға мүмкіндігі болмаған. Қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатқандықтан, оқушы баласы  тиісті  оқу бағдарламасына тартылмапты.

Бұл отбасына нұротандықтар «Халыққа көмек» жобасы аясында қолдау  көрсетеді. Баласы жөнінде барлық ммәліметті білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары жазып алды. Ал баспана кезегіне  тұру  жөнінде азаматшаға   қолданыстағы заңнамалар, жолы түсіндірілді.

Бүгінгі қабылдау  тақырыптық. Оған негіз болған «Nur Otan» партиясының ХVIII  халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Ұлттық қордан ақша бөлу жөнінде шешім қабылданған болатын.

Атаулы көмек  көпбалалы аналарға, мүгедек балалары бар отбасылары мен қолдауға мұқтаж азаматтарға  беріледі. Азаматтарға құқықтық кеңес беру үшін филиал ғимаратында «Бірыңғай  әлеуметтік терезе» жұмысын бастаған. Аз уақытта  мыңға жуық азаматты қабылдап үлгерген. Мәселелері де шешімін табуда.

Шынар Оразова