2019 жылдың 28 ақпаны мен 6 наурызы аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс шарасын өткізуде. Жедел іс-шараның мақсаты- қоғамдық орындарда және көшелерде тиісті құқықтық тәртіп пен тыныштықты сақтау, құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын-алу, жолын кесу мен есепте тұрған азаматтарды тексеру, жол ережесінің қауіпсіздігін сақтау.
Жедел-алдын алу іс шарасын өткізуге Жергілікті полиция қызметінің полицейлері, Криминалды полиция мен әкімшілік полиция қызметкерлері, Түркістан облысы Полиция департаментінің басқа да құрылымдары қатысты.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс шарасы барысында полицейлер 130-дан астам қылмыстың ізін суытпай ашты. Оған қоса 27 қылмыс бұрын жасалған және іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды. Заңсыз есірткі сақтаудың 1-жайты мен заңсыз қару сақтаудың 1 жайты анықталды.
Сондай-ақ, жедел-алдын алу іс шарасы барысында 5 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде 189 ұсақ бұзақылық жайттары мен спирттік ішімдік пайдалану мен қоғамдық орындарда мас халде жүргендердің 389 жайты тіркелді. Облыс полицейлерімен 1 мыңға жуық жол ережесін бұзғандар, сонымен бірге мас халде көлік басқарған 20 жүргізуші қамауға алынды. Автокөлікті басқару кезінде телефон пайдаланған 642 құқық бұзушы, жылдамдықты асырған 243 және қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен 11 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, 3 наурыз күні Түркістан қаласы ЖПҚ-нің полицейлері даңғыл жолдардың бірінен бағдаршамның түсіне қарамастан жол қиылысынан өтіп кеткен «Ниссан» маркалы көлігін тоқтатады. Құқықбұзушыға жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, планшеттің көмегімен электронды түрде айыппұл салынды. Біраз уақыт өткеннен кейін, Тәуке хан көшесінде тыйым салынған орынға көлігін қойған «ВАЗ» маркалы автокөлігі анықталды. Көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жедел-алдын алу іс шарасы барысында полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Көші қон заңнамасын бұзған 180 жайт пен 19 шетелдік азамат сот шешімімен елден шығарылды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс шарасы ағымдағы жылдың 6 наурызына дейін жалғасып, көктем мерекелері қарсаңында қайталап өткізілетін болады.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі