Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.
«Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр.Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 трлн. 180 млрд. теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар. Дегенмен, бұл жеткіліксіз», — деп жазады Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Қ.Тоқаев өңірлердегі медициналық қызметтерге де тоқталды. «Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда», — деді ол.