Жетісайда қариялар үйден шықпай-ақ сайлауға дауыс беріп жатыр

458

ҚР Президенті сайлауына денсаулығына байланысты, үйінен шықпай-ақ дауыс берген қариялар аз болған жоқ. Сайлау учаскесіне келе алмаған қарттардың үйіне жәшікті арнайы апарып, таңдау жасауға мүмкіндік беріліп жатыр.

Осындай мүмкіндікке ие болғандардың бірі – Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Үрбиша Ералиева​ да өз таңдауын жасап, учаске мүшелеріне ақ батасын жаудырды.Денсаулығына байланысты төсек тартып жатқан Қазыбек би ауылдық округі Таубай ата елдімекенінің тұрғыны Қалмырза Күзенбаев та өз таңдауын жасап, дауыс бергеніне дән риза. Өйткені, ол «Қазақстанның болашағы – менің ұрпағымның болашағы», – деп есептейді.«Түркістан облысы Жетісай ауданында орналасқан 72 сайлау учаскесінде дауыс беру жұмыстары​ жалғасуда. Әсіресе, ауыл билері мен​ ақсақалдар бастаған үлкен буын өкілдерінің дауыс беру қарқыны көңіл қуантады», – деп хабарлайды Жетісай ауданының әкімдігі.