ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «қарапайым заттар экономикасы» және экспортқа бағдарланған индустрияландыруды дамытуға бағытталған тиімді өнеркәсіптік саясат туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2018 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өнеркәсіп саласындағы үш негізгі ұлттық даму институтын: Қазақстандық индустрия дамыту институты, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік және NADLoC Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігін Өнеркәсіптік дамудың бірыңғай орталығына біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылдады
«Қайта құру үдерісі 2018 жылдың қараша айында басталды. Бірінші кезекте ел Үкіметі үйлесімді өнеркәсіптік саясатты қалыптастыра алатын шағын әрі тиімді ұйымды құру бойынша міндеттер қойды. Екіншіден – бұл өндірістен экспортқа дейінгі бүкіл тізбек бойынша мемлекеттік қолдаудың қайтарымсыз қаржылық құралдарын бір жерге шоғырландыру арқылы бизнес дамуына қолайлы жағдай жасау. Үшіншіден, индустриялық-инновациялық саясат саласында орын алған сын-тегеуріндерге қатысты жедел қолданбалы шешімдерді өндіруге қабілетті «think-tank» тәрізді мықты талдау орталығын құру», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамының 5 ай ішіндегі жұмысының нәтижесінде жалпы штаттық көлем 27%-ға, құрылымдық бөлімшелер және орта буын жетекшілері санын 35%-ға, бірінші буын жетекішілерін 30%-ға қысқарту қамтамасыз етілді.
Осы ретте институт үш ұйымның барлық бастапқы функцияларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оларды арттыра түсті. Мұнда ҚР Үкіметі шешімімен былтыр желтоқсан айында экспорттаушыларға көліктік шығындарды өтеу тұрғысынан шикізаттық емес экспортты алға жылжыту және экспортқа оңтайлы логистикалық бағыттарды дамыту тұрғысынан талдау жүргізуге бағытталған жаңа функциялар туралы айтылып отыр.
«Азаматтық кодексе сәйкес, институттарды қайта құру күрделі әрі ұзақ процедураларды ұстануды талап етеді. Қараша айынан бастап үлкен жұмыс атқарылды, әрі биыл сәуір айында институттарды біріктіру бойынша қалған заңгерлік процедуралар аяқталады деп күтеміз. Содан кейін ұйымға «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» жаңа атауы беріледі», – деп атап өтті «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрайымы Дана Жүнісова.
Мемлекеттік қолдау шоғырланды
Енді мемлекеттік қолдаудың қайтарымсыз қаржылық шаралары Қазақстан индустрия және экспорт орталығы арқылы беріледі. Бұл толық бизнес тізбегі: өндіріс, логистика, экспорт бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды қолдауға бағытталған құралдар.
Орталық кәсіпкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға кеткен шығындардың бір бөлігін өтеуге қатысты өтінімдерін тұрақты негізде қарайды. Бұдан бөлек орталықта инновациялық гранттарды беру және экспорттаушыларға көліктік шығындарды өтеудің жаңа құралы бойынша отандық бизнестен өтінімдерді қабылдауға қажетті жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамында мемлекеттік қолдауда ең қажетті шаралардың бірі – әлемдік стандарттарға сай (ISO, API, ASTM және т.б.) сапа менеджменті жүйелерін енгізу кезіндегі отандық тауар өндірушілердің шығындарын бір бөлігін өтеу бойынша қолдау қайта жанданды.
Барлық қолдау құралдарының бір ұйымға жинақталуы олардың кәсіпкерлерге деген қолжетімділігін оңтайландырады. Енді бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін түрлі институттарға жүгініп, ақпарат алу үшін уақыт жоғалтпайды. Бұл бірігу бізге де ыңғайлы: аталған шаралардың тіимділігін бақылау және талдауға арналған жедел ақпаратты жинау жеңілдейді», – дейді Дана Жүнісова.
Айта кетелік, қолдау құралдары туралы қажетті ақпаратты кәсіпкерлер мына нөмір арқылы ала алады: 8 (7172) 983-786 (Қолдау құралдары орталығы)
Зерттеулер жүргізу форматы қайта іске қосылды
Қайта құрудан кейін барлық талдау жұмысы және Орталық ұйымымен жүргізілген зерттеулер нәтижесі қолданбалы шешімдерді әзірлеуге бағытталған.
«Бұрын әр ұйымның жеке өзіндік «талдау штабы» болған. Шындап келгенде әр ұйымдағы мүдделі тараптары (стейкхолдерлер) ортақ – өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар. Сондықтан зерттеулеріміздің мақсаттылығын үлкен тәжірибелікке қарай қайта форматтадық. Зерттеулер Елбасы және ҚР Президентінің тапсырмаларын орындауға, қосылған құн тізбегі бойынша жоғары өндіріс әлеуетін жүзеге асыруға және өнім технологиялылығын арттыруға бағытталатын болады», – деді Дана Жүнісова.
Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» өнеркәсіптік кәсіпорындарды тиімді қолдау, сапалы талдамалық жұмысты ұйымдастыру және қолданбалы шешімдерді әзірлеуге бағытталған даму бағдарын жалғастыратын болады, деп қорытындылады Роман Скляр.