«Балықтар Қошқарата өзеніндегі шайынды судан қырылмаған»

232
Сейіткәрім Абдурахманов, Абай ауданының тұрғыны

Балықтар кәріз жүйесінен аққан шайынды суларға қырылмайды.

Қошқарата өзеніндегі балықтардың жаппай емес шағын ғана бөлігінде қырылуына химиялық заттардың әсері болған дейді сушылар. Экология департаментімен келіспеген «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС -і  мамандары ресми мәлімдеме жасады.

Сейіткәрім Абдурахманов, Абай ауданының тұрғыны

Балалық шағы Қошқаратаның бойында өткен Сейіткәрім Абдурахманов бүгінгі өзеннің жағдайына алаңдаулы: «Канализация «забиваться» етіп, шайынды су өзенге қарай ақты. Содан балықтар қырылды» дейді ол.

Қошқарата өзенінде қырылған балықтар мен судың сынамасын тексерген Шымкент қаласы бойынша экология департаменті шешім шығарған.

Серік Сарбасов, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің маманы: «Қошқарата өзенінің 12 нүктесінен  судың сынамасын алып тексердік. Жұмысшы тобы  Тельман бөлімшесіндегі Молдабаев көшесінен бір шақырым жерде  жоғарыда «Су арнасы-маркетинг» ЖШС-не тиесілі орталық кәріз жүйесі өтетінін анықтаған. Тексеру барысында зиянды ластауыш  заттар анықталды. Бұл  дерек бойынша  тексеру тағайындалды. Қорытындысы бойынша әкімшілік шара, қоршаған ортаға тигізген залалы  белгілі болады. Ішкі істер басқармасымен Қылмыстық Кодекстің 328 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды».

Алайда  «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-і басшылығы мұнымен келіспейді. Қошқарата өзені суының және қырылған балықтардың сынамасы 9- сәуірде  алынған. Ал кәріз  құдықтарынан шайынды су сәуірдің 12-не тасыған. Оны растайтын бейнематериал да бар.

Ирина Казаринова, «Су ресусртары-маркетинг» ЖШС өкілі

Ирина  Казаринова, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің өкілі: «Экология департаменті, санэпидемиологтар және бірқатар мекеме мамандарынан жасақталған жұмыс тобы тексеру жүргізген. Қошқарата өзеніндегі балықтардың қырылуына шайынды сулар себеп болды деген шешім шығарыпты. Біз бұл мәлімдемемен келіспейміз. Өйткені, балықтар шайынды судан қырылмайды. Олар химиялық заттардан қырылуы мүмкін. Сондықтан да біз өз тарапымыздан хат дайындап, бүгін-ертең экология департаментіне жолдаймыз».

Сушылар жағдайға қатысты  «Су ресурстары-маркетинг» мекемесінде  тексеру тағайындалғанынан хабардар. Тексеруге тас түйін дайын да екен. Қошқарата өзенінде жағдай мұнымен бітпейтін түрі бар.

Шынар Оразова