Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арбатта болған жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. Еске сала кетсек, полицейлер музыкантарға кедергі келтіріп, Арбаттан кетуін талап еткен болатын.
«Әлеуметтік желілерден тәртіп сақшылары Арбаттан көше музыканттарын қуғанын оқып шықтым. Мұндай артық әрекетке неге барғандарын білмеймін. Музыканттарға бұдан былай кедергі келтірмеуді тапсырдым. Өйткені, бұл көптеген елдерде бар тамаша дәстүр, олар өз өнерлерімен қала тұрғындарының мәдениетін арттырады. Сондықтан, құрметті музыканттар, Арбатқа келіп халыққа өз өнерлеріңізді тарту ете аласыздар», — деп жазды әкім өзінің Инстаграм парақшасында.