Түркістан облысы диқаншылардың өнімі сауда орындарында сатылуда. Мақтаарал ауданының алқаптарында ерте піскен қырыққабат наурыздың соңғы он күндігінен бастап саудаланып жатыр.
Бұдан бөлек, Сарыағаш пен Шымкенттің төңірегіндегі шаруашылықтардан шалқам, қызанақ, қияр жеткізілуде. Жылыжайда жетілген көкөністердің бағасы біршама түскен. “Ерте піскен қырыққабаттың құны апта сайын арзандауда” дейді саудагерлер.
Сатушылардың бірі: «Жетісайдан диқаншылар қырыққабаттың келісін 180-190 теңгеден босатуда. Біз 230 теңгеден сатып жатырмыз. Сауда жаман емес, сұраныс жоғары” дейді.