Облыста сәуір айында 8 мың тонна қырыққабат жиналды

67

Сарыағашта қырыққабат экспортталып жатыр. Өңірде ерте өсетін өнім түрі солтүстік өңірлерге жөнелтілді.

Сәуір айында 8 мың тонна қырыққабат жиналып, меже 40 пайызға орындалған. Алдағы үш айда 450 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарда бар. Нәтижесінде маусымаралық кезеңде еліміздің 95 пайызы осы көкөніс түрімен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, Түркістан облысында биыл 20 мың гектар алқапқа ерте пісетін көкөністер егілді.

Атап айтқанда, 9 мың гектар жерге картоп, 7,5 мыңға қырыққабат, пияз 2 мың гектарға, сәбіз 1,3 мың гектарға орналастырылды.