Флебологтар тәжірибе алмасты

314

Флебология және лазерлік медицина клиникасында проктология және флебологиядағы амбулаториялық хирургияны дамытудағы мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараның басты қонағы Латвияның хирург-флеболог дәрігер – Владислав Семенюк. Тәжірибесімен бөлісіп, күре тамыр ауруларын емдеудегі озық технологиялар туралы әңгімелеп берді.

Шымкент қаласының жетекші хирург-флеболог мамандары проктология және флебологиядағы амбулаториялық хирургияның даму тенденцияларын талқылау үшін жиналды. Шаһарға арнайы ат басын бұрған, шетелдік дәрігер 15 жылдан астам уақыт бойы Ригада көк тамырға озық технологияларды пайдаланып ота жасау тәжірбиесімен бөлісті.

Владислав Семенюк, хирург-флеболог (Латвия): «Әріптестеріммен кездескеніме қуаныштымын. Аталған саладағы сұрақтарға жауап беріп, пікір алмастым. Өзімнің де үйренгенім көп болғанын жасырмаймын. Дәл осындай кездесулер жиі өтуі тиіс деген ойдамын».

Білікті дәрігер Шымкенттің ақ халаттыларына жоғары деңгейде операцияларды жүргізуге көмектеседі. Соңғы жылдары лазерлік медицина және флебология клиникасында емдеудің төмен әсерлі әдістері пайдаланылды және емхананың қабырғасында бір күндік хирургия принципі бойынша жұмыс жасалады.

Бауыржан Әшіров,медицина ғылымдарының магистрі: «Латвиядан келіп отырған Владислав Семенюк бірнеше операция көрсетті. Олар проктология және флебологиялық. Өте жақсы орындалды. Жоғарғы шеберлік».

Флебология және лазерлі медицина клиникасы күре тамырдағы варикозды емдейді. Сонымен қатар, проктология және гинекологиялық операциялар жасап, лазерлік аппараттық косметикалық процедураларды орындайды. Осындай Еуропаның жетекші дәрігерлермен тәжірбие алмасып отыратын ақ халаттылар әрқашан сіздің қызметіңізге әзір.

Мекен-жайы: Уалиханов к, 200”Б”. Қазандық аялдамасы. Тел: 60 68 57, +7 701 770 68 57 (Лиц.№0110793 ОҚО ДСБ берілген)