«Аналарға тағзым». «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдері түрлі салада қызмет етіп жүрген көп балалы аналарды құрметке бөледі. Алғыс хатпен марапаттап, сый-сыяпат жасады.

Дастархан мәзірін жасап, демографиямызға елеулі үлес қосып жүрген «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне ілтипат көрсетті. Салтанатты шараға білім, мәдениет, әлеумет, экономика салаларында төмен жалақы алатын алайда, үздік қызмет ететін мамандар шақырылған.

Түрлі салада еңбек ете жүріп, ана ретіндегі міндеттеріне де ұмыт қалдырмаған құрметке лайық жандар қадірлі қонақ болды. Айта кетейік, еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірінде бүгінде 2 миллионнан астам кәсіподақ мүшесі болса, оның 38 пайызы нәзік жандылар екен. Ал аймақтағы кәсіподақ құрылымдарында бүгінде 4 жарым мыңнан аса көпбалалы ана қызмет етуде.