Жұмыс берушілер айлық көлемін жұмысшымен келісіп белгілеуі керек

73
Кәсіпорын
фото Ашық дереккөз

Жұмыс берушілер айлық көлемін жұмысшымен келісіп белгілеуі керек. Кәсіподақтар федерациясы Еңбек кодексіне осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

Еңбекақыны белгілеу тәртібіне қатысты федерация өкілдері Үкіметке бірқатар ұсыныс берген. Федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталинның сөзінше, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы кірісті бөлудің әділетсіз жүйесін түзету қажет. Маман осылайша қызметкерлерді қаржылай тұрғыда тәуелділіктен арылтуға болады деп санайды.

Сонымен бірге, ол жұмысшылар өндірісті басқару ісіне де еркін қатысуы керек деп есептейді. Президенттің ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау әдістемесін әзірлеу туралы кәсіподақ бастамасын қолдағанын да жеткізді.