Колоректальды қатерлі ісік ауруын алдын алу мақсатында өткен демалыс күні Шымкенттегі онкологиялық орталықта ашық есік күні өтті.

Профилактикалық тексеру кезінде 37 адам дәрігердің қабылдауында болса, 4 пациент колоноскопия аппаратына түсірілді. Сондай-ақ, 28 адам басқа да аурулар бойынша дәрігердің тексерілуінен өтіп, 1 адамнан ісік алды ауруы табылды.

Дүниежүзі бойынша колоректальды қатерлі ісікпен ауырғандар саны жыл сайын артып келеді. Қазақстандағы онкопатологияның жалпы құрылымында обырдың бұл түрі ең көп таралған бестікке кіреді. Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктердің 3000-нан астам жағдай тіркеледі. Тәуекел тобында – 50 жастан асқан адамдар.

Айта кетейік, 50-ден 70 жасқа дейінгі қазақстандықтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан емханалардан колоректальды қатерлі ісікке қарсы скринингтен өте алады.

Дер кезінде дәрігерге көрінген науқастың қауіпті аурудан айығуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, қазір Шымкентте 35 медициналық ұйым онкологиялық ауруларды анықтауға арналған қажетті құрал-жадбықтарымен жабдықталған.