Шәуілдір ауылдық округінің әкімдігі ауыл тұрғындарына қатаң ескерту жариялап отыр. Түркістан қаласы облыс орталығы болуына және Арыстан баб кесенесі, Отырар төбе қалашығы халықаралық туризм маршрутына енуіне байланысты ауыл орталығымен туристер мен қонақтар көптеп өтуде.
Сондай-ақ, орталық көшелер абаттандырылуда, жасыл екпелер егілуде. Осыған байланысты көшеде малдар бей-берекет жүрмеуі қажет. 1-сәуірден бастап арнайы ұйымдастырылған 4 бағыттағы падаға өз малдарыңызды қосу ескертіледі. 1. Кенесары көшесі. 2. Шөлтөбе маңы. 3. Жаңа құрылыс аумағы. 4.Автобаза елді-мекені.
«Ескі базар» аумағы, Ұ. Арғынбеков көшесі тұрғындары Кенесары көшесіндегі падаға апарып қосуы керек. Көшеде бей-берекет, падаға қосылмаған мал иелеріне 50 500 тенге айыппұл салынатын болады.