С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ХІ пәндік олимпиада басталды.
15-16 сәуір күндері аралығында өтетін дүбірлі додада елімізде журналист мамандар даярлайтын 17 жоғары оқу орнынан 51 студент қатысуда.Атап айтар болсақ, Л.Н. Гумиев атындағы ЕҰУ. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Сүлейман Демирел атындағы университет, т.б. Республикалық пән олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар бейнесюжет арқылы топты таныстырып, ізінше эссе жазады. Екінші кезеңде студенттер тест тапсырады.
Олимпиада қорытындысы командалық есепте анықталады. Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының алғыс хатымен марапатталады.
Айман Әлмен