Шымкенттік оқушыларды марапаттауға Франциядан қонақ келді

433

Бүгін Франциядан арнайы келген делегаттар Шымкенттің үздік оқушыларын марапаттады. Айта өтейік, қаламыздағы «Болашақ» мектебінің шәкірттері Мәриям Жексебаева мен Қасымхан Есжанов Францияда өткен пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болған болатын.

008

Жеңімпаздарды Франциядан арнайы келген қонақ Алекс Касилди құттықтап, оларға грамоталарын табыс етті. Кәсіпкер екі ел арасындағы білім саласында қарым-қатынасты нығайтуға атсалысып жүр. Мектеп оқушылары алдағы қысқы және жазғы демалыстарында шетелде білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды. Балалардың ой өрісін кеңейтіп, тілдерді меңгеруге бағытталған жобаны қоғамдық бірлестіктер де қолдауда.