Егер баспананы рұқсат құжаттарынсыз салған жағдайда не істеу қажет? Қайда бару керек және не істеу керек? Бұл сұрақтарға Инстаграм парақшасында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев жауап жазды.
«Ең көп қойылатын сұрақтарға жауап беруді жалғастырамын. Бұған дейін жеке тұрғын үй салу үшін қандай талап — ережелерді орындау керегін айттым. Егер де сіз үйіңізді қандай да бір рұқсат құжатсыз салсаңыз не болмақ?
Мұндай құрылысты пайдалануға беру актісін сәулет және құрылыс жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан алу мүмкін емес. Өйткені, құрылыс салуға ешбір келісім жасалмаған. Өз бетінше тұрғызған нысан иесінің қолында рұқсатнама құжаттары жоқ. Мұндай жағдайда өз бетінше тұрғызған құрылыс нысанына меншік ету құқығы тек сот тәртібімен шешіледі», — деп жазды Инстаграм парақшасында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев.