Шенеуніктердің әлеуметтік желідегі парақшалары жандана бастады

205

Шенеуніктер өздерінің парақшаларында кездесулер, атқарылған жұмыстар жайында, өз ойларын ашық жазуда. Мәселен, Шымкент қаласы басшысының алғашқы жарияланымы гүлдер мен жәндіктерге арналған. Осылайша Ғабидолла Әбдірахымовқа қарап бой түзеген әкім аппаратының өзге де қызметкерлері өз парақшаларына түрлі жарияланымдарды жарыса салып жатыр.

Бұл бастамаға жан бітірген ел Президенті өзі бірнеше жылдан бері твиттерді пайдаланып жүрсе де, инстаграмға тіркеліп үлгеріпті. Твиттерді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те қолданады екен. Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов фейсбуктің қолданушысы.

Әлеуметтік желінің ең белсендісі ретінде Павлодар облысының әкімі танылған. Оның белсенділігін әлеуметтік парақшаларынан аңғару қиын емес.

Ал Асқар Мамин инстаграм желісін таңдапты. Оның парақшасы жабық. ондағы жазбаларды көріп, оқу үшін жазылу керек.

Шенеуліктердің халыққа жақындай түскені жақсы, әрине. Осылайша билік өкілдері олардың мұң — мұқтажын, ойын біле алады. Ал халық әкімқаралар мен мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына ашық түрде бағасын беріп отырмақ.

Айжан Ермекқызы