Бүгінгі таңда Қазақстан мен ТМД елдерінің полиция қызметкерлері арасында қылмысқа қарсы күрес саласында тиімді өзара әрекеттесу жолға қойылған. Ынтымақтастықтың ең маңызды бағыттарының бірі экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет болып қала береді. Мұндай бірлескен жұмыс өз нәтижесін беруде.

Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің сауатты және үйлесімді жұмыстары нәтижесінде өзбекстандық әріптестерінен келіп түскен ақпаратты тексеру барысында Шымкент әуежайында біздің еліміздің аумағы арқылы транзитпен Сирия қақтығысы аймағына кіру және халықаралық террористік ұйымдар тарапынан жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу үшін Түркияға шығуға ниет білдірген Өзбекстан азаматы ұсталды.

Қылмыскерді ұстау бойынша жұмыс ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Өзбекстан ІІМ Терроризмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі бас басқармасымен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылды.

Қазақстандық полицейлердің жедел іс-шараларды өткізу кезінде көрсеткен кәсібилігі Өзбекстан ІІМ-нің әріптестерімен ІІМ-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының атына алғыс хат түрінде атап өтілді.