Шымкентте скринингтік тексерулер өтетін медициналық ұйымдардың саны артты

167

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқарамасының емдеу-прфилактикалық қызметті үйлестіру  бөлімінің  басшысы Айгул Иманалина  баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Профилактикалық жұмыстарды өткізетін ұйымдардың саны биыл 35-ке жеткен.

Скринингтік тексерулер  ересек тұрғындарды  қан айналымын жүйесінің, қант диабетінің, глаукома, жатыр мойын обырын, сүт безі обырын, тоқ және тік ішек обырының алдын алу және ерте анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген скринингтік тексерулердің барлық түрлерін тіркелген БМСК ұйымдарында өтуге болады.

2019 жылы Шымкент қаласы бойынша 35 медициналық ұйымдарда скринингтік тексеру жүргізіледі (оның ішінде 14 мемлекеттік, 21 жеке меншік). 2018 жылы 27 медиициналық ұйым жүргізген болатын (14 мемлекеттік, 13 жеке меншік).

Лаура Нақыпқызы