Шымкент: Медициналық ұйымдарда QR код қосылды

306

 

Медициналық ұйымдарды цифрландыру жобасы аясында енді әрбір медициналық мекемеде QR код жүйесі жұмыс істейді. Аталған жүйе қаладағы 33 мемлекеттік медициналық ұйымда іске қосылды.

Бұл үшін емдеу мекемелерінде QR-код тақтайшалары орнатылған.

Қосымша арқылы сіз дәрігер туралы деректерді, жұмыс істеу кестесі туралы ақпарат ала аласыз. Ең бастысы – ұсыныстарыңызды, арыз-шағым мен талаптарыңызды қалдыруға мүмкіндік бар. Аталған жүйені іске қосудағы мақсат – медициналық көмектің сапасын арттыру. Ең бастысы, QR-код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, медицина маманын үйіне шақыруына болады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы