Шымкентте жатақхана мәселесі 2021 жылы толық шешімін табатын болады

411

Бұл туралы Үкімет отырысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді. Айтуынша «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» өз қаржысы есебінен қолданыстағы оқу ғимаратын 450 орындық жатақхана етіп, қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Жатақхана осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Екіншіден, әкімдік тарапынан Шымкент әлеуметтік кәсіптік корпорациясы арқылы 5 мың орындық жатақхана салу жоспарланып отыр. Шымкент-сити ауданынан 2 гектар жер бөлініп, 2,5 мың орындық 12 қабатты 8 жатақхана салынатын болады.

Сонымен қатар, қалған жатақхана орнының тапшылығын жою үшін «Тұран» шағынауданынан қосымша жер бөлінді. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленіп, жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Жалпы, биыл 1 810 орындық бірнеше жатақхана пайдалануға беріледі.

Мақпал Рысбаева