Шымкенттегі Қошқар ата өзенінде өлі балықтар қалқып жүр

453

Күні кеше шағынаудан тұрғындары жағымсыз көріністің куәсі болды: Қошкарата өзенінде өлі балықтар су бетінде қалқып жүрді.

Асатулло Ибрагимов, жергілікті тұрғын: «Мен мұнда 50 жылдан астам уақыт мекен етіп келемін. Бірақ бұрын ешқашан мұндай жағдай болған емес. Біз осы өзеннен су ішкен едік, шомылатынбыз, бірақ қазір не болғанын түсінбеймін! Таң қалып отырмын» дейді.

Қошқар ата өзенінде балықтардың бірнеше түрі кездеседі: торта, сирек кездесетін тұқы және ең бағалы көкбасы және бақтақ бар. Дәл қазіргі уақытта уылдырық шашу кезеңі екенін ескерсек, табиғатқа қанша зиян келгенін есептеу қиын емес
Фарманов Гафуржан, жергілікті тұрғын: «Өлі балықтардың санын қараңыз. Біреу химиялық заттың бірін құйған шығар. Қандай үлкен балық! Енді ол қазір уылдырық шашатын кезеңі. Біз бұл өзеннің суымен бақшамызды суғарамыз».

Көкбасы балығы таза және салқын суда ғана тіршілік етеді. Балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтау үшін зертханалық тексеруге жіберуге балықтарды және су үлгісін алдық.