Шымкенттегі түрменің экс-бастығы сот залынан босатылды

304

Қылмыстың Кодекстің бір емес, 7 бірдей бабы бойынша айып тағылған түрменің экс-бастығы сот залынан босатылды.

Дәлірегі, 2012-2014 жылдар аралығында Шымкенттегі ИЧ 167/3 түзету мекемесінің басшысы қызметіңн атқарған Айтжан Бәкіров бүгінге дейін, «оқ-дәрілерді жымқыруға жол берген», «қылмыскерлерге көмектескен», сондай-ақ, «қызмет бабын пайдаланып, сотталғандар арасында заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған және заңсыз табыс тапқан» деген сияқты бірқатар аса ауыр баптар бойынша айыпталып, үй қамақта отырған еді.

Енді, Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 38 жастағы азаматты толығымен ақтау туралы үкім шығарды.

Мөлдір Бекеева