Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

142

Шымкенттегі ИЧ 167/3 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев бүгін, таңғы сағат 8:00-дер шамасында бостандыққа шықты.

Бишімбаевтың темір тордан шыққанын Шымкент қаласының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы да растап отыр. Және бұл шешім Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотында оқылған.

Айта өтетін ақпарат, ол осы қауіпсіздігі орташа – ИЧ 167/3 түзету мекемесіне Леңгірдегі қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінен осыдан 7 ай бұрын ауыстырылған еді.

Еске салайық, сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа өткен жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған еді. Оған мемлекеттің қаржысын жымқырды және пара алу қылмысы бойынша бір емес, бірнеше қылмыстық істер бойынша айып тағылған. Сондай-ақ, Бишімбаевты мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметті атқару құқығынан өмірбақиға айырып, қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуге үкім кескен-ді.

Мөлдір Бекеева