Шымкенттік тұрғын полицияға өз итін сыйға тартты

337

3 сәуір күні Жанна Соколова есімді Шымкент қаласының тұрғыны өзінің бір жасар «Альфа» есімді бельгиялық овчаркасын Шымкент ҚПД Кинология қызметіне сыйға тартты. Ол Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е. Жұмаханбетовтің өзіне арнайы жолығып, итті тапсырды. Сондай-ақ, кинология қызметіне барып, иттің қай жерде орналасатынын, оған жасалған жағдайын көріп, ерекше ризашылығын білдірді.

Жанна Соколова «Альфаны» үй күшігі ғана болғанша, елге қызмет етсін деген ниетпен полицияға тапсыруды ұйғарыпты. Өйткені бельгиялық овчарканың күнделікті тамағы, оның серуені мен бағып-баптауы ерекше күтімді қажет етеді. Малинуа тұқымына жататын қызметтік иттердің арасында мұндай төбеттер әлемдегі ең жылдам, әрі төзімді жануар саналады және олар күн, түн демей, ыстық пен суыққа қарамай қызмет ете береді.

Ел арасында «Жеті қазынаның бірі» деп ерекше әспеттелетін иттер бар. Адамдардың айнымас серігі болып келетін ит тұқымы полиция қызметінде көп пайдасын тигізетіні айдан анық.