Солтүстік Қазақстанға көшуге ниетіңіз болса, барып көріп келуге мүмкіндік бар

699
Төлеби ауданы халқы

Солтүстікке шақыра келген делегация бұл жолы Төлеби ауданының халқымен кездесу өткізді.

Солтүстікке көшу

Мағжан Жұмабаев, Тайынша ауданы әкімдігінің өкілдері жиналғандарға баспанамен қамту, бос жұмыс орындары және де жергілікті жердің ерекшеліктерін тізіп айтып берді.

Солтүстікқазақстандық делегация Төлеби ауданында

Әсіресе топтың құрамындағы Солтүстік өңіріне төрт жыл бұрын қоныс аударған Қазығұрт ауданының тумасы Нұржамал Тамбетованың кеңестерін жерлестеріне жылы қабыл алды.

Нұржамал Солтүстік Қазақстанда қоныстанған жерлесіміз

Нұржамал Тамбетова, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің әдістемелік бөлімнің меңгерушісі:» Көшу — болашаққа ұмтылу, еліміздің көркеюіне, балаларының өсіп-өнуіне жасаған қадамы. Маған  мемлекет не береді  деп қол қусырып отырғанша, мүмкіндікті пайдаланып, өңірді көтеруге ел қатарлы үлес қосу керек. Мен қарапайым мүғалім төрт жылда үлкен жетістікке жеттім».

Осыған дейін делегация Мақтаарал, Келес, Сарыағаш , Сайрам аудандарында болып, ауылдағы ағайынмен жолыққан. Солтүстікке көшетін отбасыларына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудан хабардар етті. Бір реттік көмек 88 мың 375 теңгеге бес баладан көп отбасыға баспана жалдауға 12 айға бөлінген 75 мың теңгені қосып үй сатып алуда. Қаңырап тұрған өңірде баспананың құны 300 мың мен 500 мың аралығында, жер де жеткілікті. Бос жұмыс орындары да мамандарды күтіп тұр. Мұны оңтүстік өңірінің тұрғындары өздері көре алады.

Жаңабай Ағабеков, облыс мәслихатының депутаты

Жаңабай Ағабеков, облыс мәслихатының депутаты: «Көшеміз деп ниет білдірген азаматтарды 6 сәуірде  Тәуке хан бойындағы бұрынғы қала әкімдігі ғимаратында күтеміз. Сағат түскі  екіде жұріп кетеміз. Жол шығынын демеушілер көтерсе, тамақтарыңызды өздеріңіз аласыздар. Барып келулеріңізге бес кұн кетеді».

Төлеби ауданындағы Зертас ауылының тұрғыны Мейрамбек Қаратаевтың Солтүстік өңіріне қоныстану ойы бар. Мұғалім онда жұмыс көп екен, есесіне баспанамен де қамтиды дейді.

Мейрамбек Қаратаев, Төлеби ауданы Зертас ауылының тұрғыны: «Біз бармасақ кім барады? Отбасыммен ақылдамасын. Өзіміздің Қазақстан өңірі түлеуіне үлесімді қоссам ба деймін».

«Еңбек» бағдарламасы аясында еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан Солтүстік Қазақстанға азаматтарды көшіру жобасына үшінші жыл. Елбасының бұл игі бастамасын қолдайтын жерлестеріміз мүмкіндіктерін пайдаланып қалуы тиіс»,- дейді ұйымдастырушылар.

Шынар Оразова