«Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы пара алу фактісімен ұсталды.

Бұл туралы видео бүгін «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» ютуб каналына жарияланды.

Түркістан облысында «Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол ШҚ төрағасынан жайылымға жер телімін беру туралы мәселені оң шешкені үшін 100 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенеді.

«Күдіктіге қатысты кінәні толық мойындауға байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ», — деп атап өтті МҚІСҚА жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин