Областной бюджет на 3 года утвержден

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті 37-ші сессиясы өтті. Бұл облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «Нұр Ота»н партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасы болып сайланғаннан бергі алғашқы сессиясы.

Түркістан облыстық мәслихатының 37 сессиясы өтті

Сессияның күн тәртібіне енгізілген 30 -ға жуық мәселе осыған дейін тұрақты комиссияларда, партияның фракциясында жіті талқыланғандықтан депутаттар бірауыздан қабылдады. Түркістан облысын басқару схемасына өзгерістер енгізу мәселесіне тоқталсақ.

Арман Абдуллаев

Арман Абдуллаев, Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары: «Дін істері, ішкі саясат, отбасы және жастар ісі жөніндегі басқармалар қоғамдық даму басқармасына біріктіріледі. Балалар ісі жөніндегі функциялар білім басқармасына беріліп, білім басқармасы енді адами әлеуетін дамыту басқармасы болып аталады».

Кәсіпкерлік индустиралды -инновациялық даму басқармасы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы және Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы болып, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы стратегиялық даму басқармасы болып өзгертілді. Қаржы басқармасы енді облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы болып аталады. Денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болып бекітілді. Туризм және сыртқы байланыс басқармасынан туризм жеке бөлініп, сыртқы байланыс функциясы кәсіпкерлік және сауда басқармасына берілді.

Қызу талқыланған мәселелердің бірі 3 жылға арналған облыс бюджеті. Облыс мәслихатының депутаты Шерәлі Қаныбеков бюджет қаржысы тек Түркістанға жұмсалуда деп наразы. «Аудандарда жол мәселелері назардан тыс қалып қоюда. Мақтаарал, Шардара мен Сарыағаш арасындағы жолдар ойдым-ойдым» дейді депутат.

Түркі әлемінің рухани, мәдени астанасы Түркістанды түлету Елбасының бастамасы. Оны жүзеге асыру міндеті облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке жүктелгендіктен, өңір басшысы елдің қамын ойлаған депутаттарды түсіністік танытуға шақырды: «Барлық өңірлер  асарлатып саламыз деп көмек беріп жатқанда, мүмкіндікті пайдаланбаймыз ба? Депутат мырзаларды да түсінемін, елдің аманатын арқалап, өлкелеріндегі мәселелер тез арада шешілсе екен дейді. Алайда сіздер де түсіністік танытыңыздар. Бірінші міндетіміз облыс орталығын көркейту, бірақ аудандарда назардан тыс  қалмайды, оларға да қаржы жетеді» деді.

Аудандағы мәселені бар қаржымен жүйелі түрде шешуге болатынын облыс басшысы айтып, өз сөзінің дәлелі ретінде бюджеттен қаралған қаржыдан бөлек, қала, аудандардың дамуына қаражат бөлінетінін қадап айтты: «Аудандарға 1 млрд. теңгеден береміз. Бір жылдан кейін көреміз, қалай  жұмсағанын. Дұрыс жұмсаса, екінші жылы 2 млрд. теңге  береміз. Сөйтіп, жоспарлы жұмыстың арқасында аудандарымыз да көркейеді» деді.

«Қазына ақшасын тиімді, мақсатты жұмсау жолы ол облыстың кешенді даму кезек күттіртпейтін ең қажетті нысандардың құрылысы, ауданаралық жолдарды халықаралық талаптарға сай салу сияқты ірі мәселелерді енгіздік. Үкімет қолдап тұрғанда мүмкіндікті пайдаланып халықтың тұрмысын жақсарту жұмысын тоқтатпауымыз керек» деп қорытынды жасады өңір басшысы.

Шынар Оразова