Бәйдібек АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны, белгілі құрылыс фирмасының жұмысшысы арызданған. Ол өз арызында, қызметтесі Түркия мемлекетінің азаматы Топал Ибрахим «Митцубиси» маркалы автокөлігімен Шымкент қаласына әуежайға барып келемін деп, сол бойда із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан. Жоғалған азаматты табу мақсатында Бәйдібек АПБ-нің жеке құрам жедел іске кірісті.
Полиция қызметкерлерімен арнайы іздестіру іс-шараларын дер кезінде ұйымдастыру нәтижесінде, Түркия мемлекетінің азаматы, 1983 жылы Т.Ибрахим табылып, туыстарына табысталған. Жеделдетілген жұмыстың арқасында табылған шетелдік азаматтың, қайтар жолды таба алмай адасқаны анықталған.
Әріптестерімен аман-есен қауышқан арызданушылар аудандық полиция қызметкерлерінің шапшаңдықтарына, жұмысқа деген жоғары жауапкершіліктеріне, кәсіби шеберліктеріне алғыстарын білдірді.