Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланды

77
фото Baribar.kz

Ауа — райы болжамына сәйкес, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфераның фронталды бөліктерінің өтуіне орай жауын-шашын болады. Республиканың басқа аумақтарында тұман, көктайғақ, қатты жел күтіледі, оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» өкілдері.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20- 25 метрге дейін күшейеді. Салқын күн райы еліміздің өзге өңірлерінде де сақталады. Айта кетейік, «Қазгидромет» Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында дабылды ескерту жариялаған.