Шымкент пен Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланды

313

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында дабылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» қызметінің мәліметі бойынша 8 – 9-шы сәуірде өңірде қатты жел соғып, жауын шашын болады. Солтүстік- батыстан 15-20 м/с соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді. 9-10 сәуірде ауа температурасы түнде 0-5 градусқа төмендейді. Шымкентте 8- 9-шы сәуірде қатты жел мен жауын күтілуде. Түнде сынап бағанасы 0-2 градусқа төмендейді. Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Шынар Оразова