Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары басталды

271

Сәуірдің алғашқы он күндігінде Келес ауданындағы алқаптар толықтай залалсыздандырылады. Зиянкестерді жоюға қажетті маман да, техника мен құрал-жадбықтар да жеткілікті дейді жауаптылар.

Сарыағаш ауданында марокко шегірткесіне қарсы шаралар аптаның ортасында басталды. Залалсыздандыруға арналған мына ыдыста 500 литр химиялық қоспа бар. Ол 50 гектар жер алқабын залалалсыздандыруға жетеді екен. Зиянкестерді жоюға арналған “Корвет”, “Даклопирад», “Комбат” ең тиімді химикаттар саналады. Далада тізілген мына техника мен мамандар жұмысқа сақадай сай. Көліктер жетпейтін алқаптарды мамандар газбен залалсыздандырады. Бұл әдіспен шегірткенің өзге де түрлерін жоюға болады дейді мамандар.

Биыл залалсыздандырылатын жер алқабының көлемі едәуір азайған. Егерде былтыр 270 мың гектар жер өңделсе, бүгінде ол көрсеткіш үш есе кеміп отыр. Салға жауаптылардың айтуына қарағанда Түркістан облыста шегірткеге қарсы күрес жүргізу үшін 80 мың гектар жерді залалсыздандыруға бюджеттен 70 млн. теңге бөлінген.

Шынар Оразова