Түркістанда энергия тиімділігін арттыру бойынша жиын өтті

171

Түркістанда Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі және Түркістан облысының әкімдігінің қолдауымен энергиялық тұрғыдан энергия тиімділігін арттыру және  жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) мәселелеріне арналған бірқатар іс-шаралар өтті.

Ең алдымен жергілікті журналистерге арналғанмедиа сауаттылық пен цифрлік журналистика тақырыптарына, сонымен бірге, энергия   тиімділілігін арттыру,  ЖЭК мәселелерін баяндауға қатысты жұмыстың ерекшеліктеріне арналған медиа-тренинг ұйымдастырылды.

Медиа-тренингтің  мақсаты – Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру және ЖЭК мәселелері бойынша БАҚ өкілдерінің хабардарлығын арттыру.Медиа-тренинг барысында Қазақстандағы БҰҰДБ іс-әрекеті, әрі «жасыл экономиканы»  дамыту, климат өзгеруі, энергетикалық тұрғыдан тиімді технологияларды қолдану, сонымен қатар, ЖЭК саласындағы жобаларды  іске асыру тәжірибелері  жайлы кең көлемді  мәлімет алды. Ең басты аудитория – теледидар арналарының, баспа және онлайн басылымдарының журналистері мен блогерлер.
Бұдан басқа,  «Жасыл экономикаға» өтудің аса маңызды бағыттары ретінде қала шаруашылығында энергия тиімділігін арттыру және   жаңартылатын энергия көздері нысандарын енгізу»  тақырыбында  семинар-конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – қаланың коммуналдық шаруашылық саласында    энергия үнемдеу технологияларын, әріжаңартылатын энергия көздерін ендіруге көшуіне арналған нақты қадамдарды және ұйымдастырушылық қаржылық құралдарды көрсету.
Шара барысында іске асырылған, әрі жоспарланып жатқан энергия тиімді жобалардың нәтижелері таныстырылды. Сондай-ақ, сарапшы-мамандар ықтимал бөгеттер мен оларды еңсеру жолдарын талқылап,  энергия үнемдейтін технологияларды жаппай ендіруге арналған іс-әрекеттер жоспарын қалыптастыру мүмкіндігіне ие болды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту, энергетика министрлігі,  БҰҰДБ сарапшы-мамандары, аудан, қала әкімдіктері мамандары, коммуналдық кәсіпорындар, басқарушы компаниялардың өкілдері,  жергілікті инжинирингтік компаниялар, энергетикалық тұрғыдан тиімді технологияларды өндірушілер, қоғамдық ұйымдар және қаржылық мекемелері қатысты.