Энергетика секторында биыл іске қосылған жобалар

17
"Түркістан" қосалқы станциясында реконструкция жүргізілуде

Биыл республика бойынша энергия нысандарының құрылысы мен оларды жаңғыртуға бөлінген қаржының көлемі 146,5 млрд теңгені құрады. Үкімет энергетика саласында жүзеге асқан жобаларды қорытындылады.

Сонымен қатар биыл Қазақстанда жалпы қуаты 495,6 МВт болатын 16 жаңартылатын энергия көздері объектісі іске қосылды. Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11 айда 82,2 млн тоннаны құрады. Ал жыл басынан бергі мұнай және газ экспортына тоқталар болсақ, қара алтынның 64,3 млн тоннасы мен табиғи газдың 5,3 млрд текше метрі сыртқа шығарылды.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі: «Атом энергетикасы саласында да жетістіктер баршылық. Алғаш рет Қазақстан БАӘ-нің энергетикалық компаниясымен табиғи уранды жеткізу туралы келісімшарт жасасты. Көктемде төмен байытылған уран отынымен Ұлттық ядролық орталықтың реакторын энергетикалық іске қосу сәтті жүзеге асырылды. Ұлттық ядролық орталықтың мамандары сәулеленген жоғары байытылған уран отынын кәдеге жаратудың бірегей технологиясын әзірледі. Бұл технологияны МАГАТЭ мақұлдады«.