Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері игі істі қолға алды. Жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен құбырдан шыққан газ иісін анықтап, апаттың алдын алатын құрылғы сыйға тартты.
Шымкент қаласы әкімшілігімен бірлесе жасаған қайырымдылық аз қамтылған отбасыларға жылулық сыйлады. Департамент қызметкерлері сауапты істе бірімізге-біріміз жәрдемдесейік деген мақсатта екенін алға тартты.
Қуантқан Ибрагимов, Төтенше жағдайлар департаментінің ардагері: «Мұндай қайырымдылық шараларын жиі өткізіп тұру қажет. Жәрдемге мұқтаж жандарға жылулық сыйлаудың өзі үлкен азаматтық».
Меруерт Ахан