Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев «Көксарай» президент резиденциясында кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер барысында екі елдің көшбасшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланып отыр.