«Жолда қабылдау» акциясында 1 500 тұрғын кеңес алды

119

«Жолда қабылдау» акциясы барысында 1500-ден астам адам полицияға жүгінді. Шымкент қаласының аумағында 2019 жылғы 5 және 6 сәуірде сағат 09:00-ден 19:00 аралықтарында, үш орында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді.

«Арбат» аллеясы, «Мега орталық» және «Север» сауда үйлерінің алдарында.
Акцияның өтетіні жөнінде және олардың мекен жайлары алдын ала халыққа әлеуметтік желілерде хабарлама таратылды.

Іс шараға жалпы 1523 қала тұрғыны қатысып, 1239 – на құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 384 азамат әкімшілік құқық бұзушылықтары жөнінде ақпарат алу бойынша, 331 жол жүрісі ережелері, 129 – і автокөліктерді тіркеу бойынша, 103 — жүргізуші куәліктері бойынша, 46 — автокөлікті қайта жабдықтау бойынша, 192 – і көші қон саласына қатысты, 9–і полиция қызметкерлеріне қатысты, 45 (тергеу, криминалдық, кадр салалары) өзге салаларға қатысты сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Өткізілген әрбір орында департамент бастығының орынбасарлары М.Алтаев, Н.Дауылбаев, А.Әмзеев сағат 9:00-ден бастап, 19:00-ге дейін, екі тәулік бойында азаматтарды қабылдау жүргізді.

Сонымен қатар, іс шара уақытында 97-66-93 сым тетігі жұмыс атқарып, қала тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Акция әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы және бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді блогерлердің қатысуымен өтті.