Қазақстан ОСК жұма күні өткен отырыста Қасым-Жомарт Тоқаевты ел президенті лауазымына кандидат ретінде тіркеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында хабарланды.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған Тоқаев Nur Otan билеуші партиясының атынан президенттікке ұсынылды. Одан бөлек, сайлауға қатысу үшін сегіз кандидат тіркелді: Жұматай Әлиев, Талғат Ерғалиев, Әміржан Қосанов, Жамбыл Ахметбеков, Төлеутай Рақымбеков, Дания Еспаева, Амангелді Таспихов, Мұхтар Тінікеев және Садыбек Түгел.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген.