Қаладағы Бәйдібек би даңғылы уақытша жабылады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

2019 жылғы 25-26 мамыр күндері Шымкент қаласында «Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup» триатлоннан Азия кубогі өтеді.

Осыған орай, 25-26 мамыр күндері сағат 07.00-ден 16.00-ге дейінгі кезеңде Бәйдібек би даңғылы бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылатындығын хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, Бәйдібек би даңғылымен қатарлас көшелер арқылы жол бағытын алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.