Алтын төбе аулынының тұрғындары жолды жаппақ болған

146

2021 жылғы 4 сәуір күні сағат 11:00 шамасында 40-қа жуық адам Алтын төбе аулында бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталған фирманың басшылығын босатуды және фирманың жұмысын қайта бастауды талап етіп, көпшілік пайдаланатын орталық жолды жауып тастауға тырысты.

Келген полицейлер тәртіпті толық қамтамасыз етті. Жиналған адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы ПД Абай аудандық Полиция басқармасына 30-ға жуық адам жеткізілді, қалғандары таратылды.

Тексеру барысында аталған азаматтардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі