Жетісай қаласында жас бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалған
11 жасар жас батыр Бекназар Мейрамбек генерал-майор В. Беккердің алғыс хатымен марапатталды
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласының №2 Шохан Уәлиханов мектебінің 5 а сынып оқушысы Бекназар Мейрамбек Мұсаұлы 2019 жылдың 02 сәуір күні кешкі сағат 19.40. шамасында Жетісай қаласы А.Қалыбеков көшесінің № 57 тұрғын үйдің жанында орналасқан канализациялық септикке 2 жасар құлаған баланы, құдықтың ішіне түсіп құтқарып қалғаны үшін, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Сырлыбайұлы Жунусов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің төрағасы генерал-майор В.Беккердің алғыс хатын 25 мамыр соңғы қоңырау жиынында салтанатты түрде табыстады.
Жиын барысында Департамент бастығы Н.Жунусов М.Бекназарға ерлігі үшін және ата-анасына, мектеп директоры мен сынып жетекшісіне батыр бала тәрбиелегендері үшін өз атынан алғысын білдіріп, М.Бекназарды бағалы сыйлықпен марапаттады.
Жас батыр Бекназар Мейрамбек Мұсаұлы 21.03.2008 жылы қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келген. Отбасында 7 бала бар, ата-анасының екінші перзенті.
Жетісай қаласындағы №2 Шохан Уәлиханов мектебінің 5 а сынып оқушысы.
Бекназар Мейрамбек 2019 жылдың 02 сәуір күні кешкі сағат 19.40. шамасында Жетісай қаласы А.Қалыбеков көшесінде ойнап жүрген бір топ балалармен осы көшенің № 57 тұрғын үйдің жанында орналасқан канализациялық септикке кішкентай бүлдіршіннің құлап түскенін байқап қалған. Өзімен бірге ойнап жүрген балалармен бірге құлаған баланы көре салысымен септикке қарай дереу жүгіріп келген. Балалар септикке қараса құдықтың іші 1 метрден аса лас су, ал кішкентай бүлдіршін көрінбеген. Осы мезетте Мейрамбек еш ойланбастан, дереу құдықтың ішіне түседі.
Лас су мойын тұсына келгеніне қарамастан суға басын тығып кішкентай бүлдіршінді қолымен іздеп тауып, суға тұншығып жатқан 2017 жылы туған 2 жасар бүлдіршінді көтеріп алып, септиктен шығарған.
Осылайша 11 жасар Бекназар Мейрамбек Мұсаұлы өзінің батылдығын, қайсарлығын көрсетіп, жас бүлдіршіннің өмірін сақтап, өз ісімен ерлік көрсеткен.