Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мал ұрлығы белең алып барады. Атап айтқанда 2018 жылдың желтоқсан айының 23-күні күдіктілер түн мезгілінде мал қораға жасырын кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында өзінің сыбайласы, кәмелетке толмаған қылмысқа күдікті екеуі жәбірленушінің Сарыағаш ауданында орналасқан үйлеріне келіп, үй иелерінің түн ішінде ұйықтап жатқанын пайдаланып, аталған үйдің мал қорасына заңсыз кіріп, 120 000 мың теңгелік бір бас танасын ұрлап, жәбірленушіге материалдық шығын келтіріп, оқиға болған жерден «ізін суытқан» оқиға болған.

«Дәнікеннен құныққан жаман» дегендей аталған қылмыстық топты ұйымдастырушы күдікті кәмелетке толмаған «шәкірттерін» көбейте түскен, яғни 2019 жылдың қаңтар айының 13-күні кәмелетке толмаған екі сыбайласын ертіп, үшеуі – аталған үйге түн жамылып тағы түсіп, бұл жолы 250000 теңгелік бір бас бие-жылқысын ұрлап, жәбірленушіге барлығы 370 000 теңгелік материалдық шығын келтірген.

Аталған күдікті енді мал ұрлығының аумағын өзгертіп 2019 жылдың 14-нен 15-не қараған түні өзінің бұрынғы ұрлықта сыбайлас қылған серіктерімен Қапланбек ауыл округіне келіп жәбірленушінің 150 000 теңгелік бір бас тана қара малын жасырын ұрлап, материалдық шығын келтірген.

Содан кейін 2018 жылдың 18 қаңтарында аталған күдікті қылмыс түрін өзгертіп, осы ауылдағы жәбірленушінің үйінен 25 мың теңге ұрлап, материалдық шығын келтірген, бұл жолы жеке өзі жасаған. Бұдан кейін аталған күдікті мал ұрлығына қайта оралып, жанына үш жасы толмаған сыбайлас ерітіп, Қапланбек ауыл округіндегі, Жаңаарық ауылы Әлім Ата көшесіндегі жәбірленушінің 2019 жылдың қаңтар айының 24-нен 25-не қараған түні үш бас қара малын ұрлап 750 мың теңге залал келтірген.

Сонымен дәніккен кәнігі ұры өз сыбайластарымен бірге үй-жайға заңсыз кіріп бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодкесінің 188-бабының 2-бөлігі, «1,2,3» тармағында көзделген қасақана орташа дәрежелі қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін өз жазасын кутуде. «Ұрлық түбі-қорлық» деген осы.