«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін мәлімет үшін жолдайды.
Ереженің 35-тармағына сәйкес, Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
Сондай-ақ, осы әрекетті бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының ё
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 305-бабы әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Осыған байланысты, жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтауды ұсынады.