Елордада «Қара майор» туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді

178
фото КТК

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қарулы Күштерінің Әскери Тарихи музейінде Ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері Керімбаев Борис Төкенұлы туралы түсірілген деректі фильмінің көрсетілімі өтеді.

Деректі фильм Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші жасақ командирі, отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың тағдыры туралы баяндайды. Сценарий авторлары мен режиссерлері: Әсет Ерназаров және Ғазиз Насыров.

Фильм көрсетіліміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Парламент депутаттары, қоғамы қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысады.

\