Жаз бойы Giovane Gentile брендінің сәнді киімдерімен жарқырап жүре аласыз. «IZUMY» сауда орталығындағы дүкендерінің бірінде аты әлемге танымал бренд өкілдері Шымкенттің сәнқойларына көктем-жаз маусымына арналған киімдерді таныстырды.
Giovane Gentilе үш ережені қатаң ұстанады: стиль, жайлылық және сапа. Жаңа коллекция соңғы сән үрдістерін ескере отырып дайындалған, ал басымдық берілген түс қазіргі сәндегі қою қызыл.

Толя Би Озгур, Giovane Gentile брендінің дизайнері: «Бұл жылы қызыл түс сәнде. Жасыл түс те сәнде, міне мына поло қоңыр белдікпен әдемі жарасады, сарғыш, көк, қызыл сары және қою қызыл да әдемі болады. Мынау енді мүлде бөлек принт та бар, оған қоса матасы өте жеңіл».

Джовани Джентилье бутигінен сіз кэжуал, классика тіпті спорттық үлгідегі киімдерді де таба аласыз. Өз гардеробыңызды жаңартқыңыз келсе, мұнда шалбар, жейде, джинсы, туфли, сәнді пиджактар мен түрлі аксессуарларды таба аласыз.

Бибол Көбеевке жаңа коллекцияның киімдерін өлшеп көру бақыты алғашқылардың бірі болып бұйырды. «IZUMY» сауда орталығында сатушы-кеңесші болып жұмыс істейтін ол күнделікті өмірде Джовани Джентили брендінің киімдерін сүйіп киеді.

Бибол Көбеев, «IZUMI» сауда орталығының сатушы-кеңесшісі: «Мен осы бренд Giovane Gentile-дің сатушысымын. Өзім киемін. Ыңғайлы. Жайлы. Әдемі. Бізде өте көп коллекциялары бар».

Giovane Gentile брендінің Түркияда 30 және бүкіл әлем бойынша 60-тан астам дүкені бар. Компанияның киімдері түрлі континенттерде сатылғанына қарамастан, біркелкі баға саясатын ұстанады. Әртүрлі құрлықтағы киімдердің айырмашылығы тек стильінде, әр елдің ер азаматтарының өздеріне тән стильдері бар.

Окан Ай, бренд-менеджер: «Біздің үлкен дүкендеріміздің бірі Изуми. Біз дәл қазір жаңа коллекцияға презентация жасап жатырмыз. Және де бір айта кетерлігі бұл әкелген коллекциямыз арнайы қазақ ер-азаматтарының талғамына сәйкес тігілген».
Giovane Gentile сауда маркасының киімі 15-тен 60 жасқа дейінгі ерлерпге арналған. «IZUMY» сауда орталығының дүкендері Нұрсат шағынауданы мен Асқаров көшесінде орналасқан.