Киелі орындарда көріктендіру жұмыстары жүргізілуде

154

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ» арнайы жобасы бойынша 7 нысан республикалық, 8 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Шымкент қаласындағы киелі орындар — «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

«Қошқар ата» жобасы бойынша «Қошқар ата» өзенінің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту жобасы жүзеге асырылуда.

Қаладағы ескі қалашықты «Цитадель» ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізудің номинациялық деректемесі дайындалды. Қалашықты ашық аспан астындағы мұражай ретінде құру бойынша ЖСҚ дайындауға 2017 жылы 100,0 млн. теңге, 2018 жылы 245 187,0 мың теңге қаралып игерілген. Ал, 2019 жылға 502 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінде реставрация, консервация жүргізілуде.