Бүгін Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебінде Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” мен Мақтаарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ біргелікте ұйымдастыруымен жастардың кәсіби сауаттылығын арттыруға бағытталған «ZHASMEDIA» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Жастардың белсенділігін арттыра отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамдық пікір білдіре алатын жас сарапшылар мен жас журналистер өкілін дайындау мақсатында өткен шараға “Отырар” телеарнасының тілшісі Әлия Әділбек, блогер Асхат Шотаев, режиссер Бақытжан Көшеров пен СММ, коучер Сапар Әбдірахман қатысты. Семинар-тренинг спикерлері Медиа саласына қызығушылығы жоғары жастарды бір ортаға жинап, саланың қыр-сырымен таныстырып, әлеуметтік желінің заңдылықтары мен сауаттылығып, артықшылығы мен кемшін тұстарын түсіндірді.
Әсіресе, бүгінде әлеуметтік желілерде тарайтын кейбір мәліметтердің ешқандай негізсіз екендігіне қарамастан түрлі пікірлер жазу, анық-қанығын білмей тұрып елмен бөлісу арқылы қоғамдық резонанс тудыратын желі қолданушыларының әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері кеңінен айтылды.
Мектептің 9-10-11-сынып оқушылары сала мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойысып, тұшымды жауап алысты.