Мәжілісмен: «Журналистер үшін қаламақы жүйесін қайта енгізу керек»

141

Журналистер үшін қаламақы жүйесін қайта енгізу керек. Мұндай ұсынысты  Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген жасады.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдары өз авторларына қаламақы төлеуді тоқтатқалы көп жыл болған. Депуттатың айтуынша, журналистің еңбегіне төленетін қаламақының терең әлеуметтік факторы бар. Бүгінде елімізде 4750-ден астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Депутат мемлекеттік ақпаратттық саясат жөніндегі тапсырыс аясында журналистер мен тұрақты авторларға «қаламақы қоры» деген арнайы тармақша енгізуді ұсынды.

Мейрамбек Төлепберген, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Біздің айтып отырғанымыз, шығармашылық еңбек иелерінің еңбегін әділ бағалау керек. Қаламақы төлеу деген мәселе. Ол дегенміз нарық жағдайында бірден бір табыс көзі. Ал журналистерді ынталандыру үшін оларға тиімді әлеуметтік жағдай үшін қажет деп санаймыз. Бұл бұрын болған. Қайтадан қалпына келтіру керек. Аймақта, ауылда газет көп. Авторлары тиісті қаламақы алмайды».

Шынар Оразова